Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы
ГЕЛИСАЛ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Шәрбат, 27.78 мг/5 мл
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімдерін қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтары экстрактісі.АТХ коды R05CA12
Қолданылуы
жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары қабыну ауруларының кешенді емінде қақырық түсіретін дәрі ретінде
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
айұрық жапырақтары экстрактісіне, Аралия тұқымдастарының өсімдіктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
тыныс алу жолдары тарапынан симптомдардың күшею қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға
жүктілік және бала емізу кезеңі
тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Сапониндердің тітіркендіргіш қасиетін ескере отырып, препаратты асқазанның ойық жара ауруы және асқазанның шырышты қабығының қабынуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.Ентігу, қызба, іріңді қақырық туындағанда кезде, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Құрамында сапониндер болуына байланысты препарат асқазан шырышты қабығын тітіркендіретін басқа дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.ГЕЛИСАЛды орталықтық әсер ететін жөтелге қарсы дәрілік препараттармен (мысалы, кодеинмен немесе декстрометорфанмен) бір мезгілде тағайындауға болмайды, өйткені соңғысы қақырықтың түсуін қиындатады.
Арнайы ескертулер
Диабетпен ауыратындар үшін ақпаратШәрбаттың құрамында қант жоқ және оны диабетпен ауыратын пациенттер қолдана алады.Препарат құрамында кристалданбайтын сұйық сорбитол (E420) бар.5 мл препарат құрамында 4,2 г кристалданбайтын сұйық сорбитол (E420) бар, ол 2,94 г сорбитке сәйкес келеді және 0,245 нан бірлігіне (НБ) сәйкес келеді.Препарат тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттермен қабылданбауы тиіс.Педиатрияда қолдану 2 жастан кіші балаларды емдеу үшін қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдай» бөлімін қараңыз).Жөтелдің ұзақ немесе қайталанатын көріністері бар 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар препаратты қабылдау алдында диагноз қою мақсатында дәрігерден кеңес алуы керек.Жүктілік немесе лактация кезіндеПрепаратты қолдану қауіпсіздігі бойынша жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондай-ақ, препараттың шаранаға әсері туралы деректер жоқ. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктеріӘсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, шәрбат мынадай схема бойынша қабылданады: Дозалары12 жастан асқан жасөспірімдер, ересектер мен егде адамдар: тәулігіне 2-3 рет 5 мл (толық шприц) шәрбаттан (бұл айұрық жапырақтары құрғақ экстрактісінің 55,56-83,34 мг тәуліктік дозасына сәйкес келеді).6-11 жастағы балалар: тәулігіне 3 рет 2,5 мл (½ шприц) шәрбаттан (бұл айұрық жапырақтары құрғақ экстрактісінің 41,67 мг тәуліктік дозасына сәйкес келеді).2-5 жастағы балалар: тәулігіне 3 рет 1,6 мл (⅓ шприц) шәрбаттан (бұл айұрық жапырақтары құрғақ экстрактісінің 26,67 мг тәуліктік дозасына сәйкес келеді).2 жасқа дейінгі балалар2 жастан кіші балаларды емдеу үшін қолдануға болмайды.Ұсынылатын дозадан асырмау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, тамақтан кейін.Ересектерге және ересек жастағы балаларға сұйылтылмаған күйінде, кіші жастағы балаларға судың немесе шырынның аздаған мөлшерімен сұйылтады.
1. Құтының қақпағын бұрап ашыңыз (төмен қарай басып жаншу керек, сағат тіліне қарсы бұрау керек).
2. Дозатор құтының мойнындағы саңылауға басылуы тиіс.
3. Дозаторды толтыру үшін құтыны басын төмен қаратып төңкеру, содан кейін дозатордың поршенін абайлап төмен қарай жылжытып, препараттың қажетті мөлшерін шприцке тартып алу қажет.
4. Құтыны бастапқы қалпына аударып, оны ақырын бұрай отырып, одан дозаторды алу керек.
5. Дозатордың соңғы бөлігін баланың ауыз қуысына орналастырып, содан соң поршеньге баяу баса отырып, дозатор ішіндегісін енгізу керек.
6. Қолданғаннан кейін құтыдағы қақпақты қатты бұраңыз; дозаторды жуыңыз және құрғатыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Емнің ұзақтығы 7 күн. Ауру симптомдары басылғаннан кейін емді 2-3 күн бойы жалғастыру ұсынылады.Егер ем кезінде симптомдар күшейсе немесе 7 күн ішінде басылмаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Симптомдары: сапониндердің әсеріне байланысты жүрек айнуы, құсу, гастроэнтерит. 1,8 г өсімдік шикізатына сай келетін айұрық экстрактісін кездейсоқ қабылдағаннан кейін 4 жастағы балада озбырлық мінез-құлық және диарея жағдайлары туралы бір хабарлама болды.Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препараттың кезекті дозасын өткізіп алған жағдайда оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Препараттың өткізіп алған дозасының орынын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
Осы препаратты қабылдауға қатысты одан әрі сұрақтар мен күмән туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну керек
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиі
жүрек айнуы, құсу, диарея
Жиі емес
аллергиялық реакциялар
тұншығу
есекжем, бөртпе
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМКhttp://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында:белсенді зат - кәдімгі айұрық жапырақтарының құрғақ экстрактісі (Hederae helicis folii extractum siccum, DER 4-8:1) – 27,78 мг. Экстрагент этанол 30% м/м.қосымша заттар: пропиленгликоль, калий сорбаты, сұйық кристаллданбайтын сорбитол (E420), лимон қышқылы моногидраты, ксантан шайыры, анис хош иістендіргіші, макрогол глицерилгидроксистеараты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Шөпті-анис иісі бар сары-қоңыр түсті қою сұйықтық. Бұлыңғырлануына және тұнба түзілуіне жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл шәрбаттан адаптері бар, балалардың құтыны ашып алуына кедергі келтіретін кепіл сақинасы және қауіпсіздік құрылғысы бар бұрандалы полиэтилен қақпақпен тығындалған қоңыр ПЭТ-құтыларда. Құтыға заттаңба жапсырылады.Бір құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен (қосымша парақ) бірге және пероральді енгізуге арналған шприц-дозатормен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жылҚаптамасын алғаш ашқаннан кейін құтыны 6 ай ішінде пайдалану қажет.Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
«Химфарм» АҚ Рашидов к-сі, 81, Шымкент қ., Қазақстан РеспубликасыТелефон нөмірі: +7 7252 (610151)Автожауап бергіш нөмірі: +7 7252 (561342)Электронды пошта: infomed@santo.kz
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Химфарм» АҚ Рашидов к-сі, 81, Шымкент қ., Қазақстан РеспубликасыТелефон нөмірі: +7 7252 (610151)Автожауап бергіш нөмірі: +7 7252 (561342)Электронды пошта: complaints@santo.kz; phv@santo.kz
Гелисал – 2 жастан бастап балалар мен ересектерге арналған жөтелге қарсы препарат
Құрамы және шығарылу түрі
Кәдімгі айұрық жапырақтарының құрғақ экстрактісі – 27,78 мг / 5 мл
Шприц-дозаторы бар 100 мл құтыдағы шәрбат түрінде шығарылады
Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары қабыну ауруларының кешенді емінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады
Гелисал препараты – белсенді заты – айұрық жапырақтары экстрактісі бар өсімдік тектес дәрілік зат
Қақырық түсіретін, муколитикалық және бронхтың тегіс бұлшықеттеріне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Өнімсіз (құрғақ) жөтел кезінде қақырықты сұйылтуға ықпал етеді, оның шығуын жеңілдетеді. Өнімді (ылғалды) жөтел кезінде қақырықты түсіруді және шығаруды жеңілдетеді. Тыныс алу жолдарының қақырықтан босатылуына байланысты тыныс алуды жақсартуға, жөтелдің азаюына және жойылуына ықпал етеді.
Гелисалға сенудің 5 себебі
клиникалық дәлелденген тиімділік
құрамында қант, спирт және бояғыштар жоқ
балалар мен ересектер үшін қолданудың ыңғайлылығы
айұрық экстрактісі негізінде жөтелге қарсы өсімдік препараты
қаптамаға ыңғайлы шприц-дозатор қоса беріледі
қаптамаға ыңғайлы шприц-дозатор қоса беріледі
Құрғақ
Қақырықсыз
(өнімсіз)
Ылғалды
Қақырықпен бірге жүреді
(өнімді)
Әрекет ету механизмі
Тыныс алу жолдарының тарылуы
Бронх бұлшықеттерінің түйілуіШырыштың көбеюі
Тыныс алу жолдарының қалпына келуіБронх бұлшықеттері босаңсыған
Шырыштың азаюы
Фармакологиялық қасиеттері
1
Қақырық түсіретін әсер
Қақырықты түсіруді және шығаруды жеңілдетеді
2
Муколитикалық әсер
Тұтқыр қақырықты сұйылтуға ықпал етеді, оның шығуын жеңілдетеді
3
Әлсіз спазмолитикалық әсер
Бронхтың тегіс бұлшықеттерінің түйілуін жеңілдетеді
Гелисалды қалай қабылдау керек
2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға
1.6 мл (1/3 шприц)
тәулігіне 3 рет
6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға
2.5 мл (1/2 шприц)
тәулігіне3 рет
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға
5 мл (толық шприц)
тәулігіне 2-3 рет
Қолдану жөніндегі нұсқаулық
1
Құтының қақпағын бұрап ашыңыз (төмен қарай басып жаншу керек, сағат тіліне қарсы бұрау керек).
2
Дозатор құтының мойнындағы саңылауға басылуы тиіс.
3
Дозаторды толтыру үшін құтыны басын төмен қаратып төңкеру, содан кейін дозатордың поршенін абайлап төмен қарай жылжытып, препараттың қажетті мөлшерін шприцке тартып алу қажет.
4
Құтыны бастапқы қалпына аударып, оны ақырын бұрай отырып, одан дозаторды алу керек.
5
Дозатордың соңғы бөлігін баланың ауыз қуысына орналастырып, содан соң поршеньге баяу баса отырып, дозатор ішіндегісін енгізу керек.
6
Қолданғаннан кейін құтыдағы қақпақты қатты бұраңыз; дозаторды жуыңыз және құрғатыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Гелисал препаратын қалай дұрыс сақтау керек?
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Гелисал препаратымен бірге басқа дәрілерді қабылдауға бола ма?
Құрамында сапониндер болуына байланысты препарат асқазан шырышты қабығын тітіркендіретін басқа дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.Гелисалды орталықтық әсер ететін жөтелге қарсы дәрілік препараттармен (мысалы, кодеинмен немесе декстрометорфанмен) бір мезгілде тағайындауға болмайды, өйткені соңғысы қақырықтың түсуін қиындатады.
Бұл препаратты қолдануға болмайтын жағдайлар бар ма?
Қолдануға болмайтын жағдайлар
айұрық жапырақтарының экстрактісіне, Аралия тұқымдас өсімдіктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
тыныс алу жолдары тарапынан симптомдардың күшею қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға
жүктілік және бала емізу кезеңі
тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы
Гелисал препараты қандай жөтел кезінде тағайындалады: кұрғақ әлде ылғалды?
Гелисал препараты құрғақ жөтел кезінде де, ылғалды жөтел кезінде де тағайындалады.
Гелисал препаратын үзіліссіз қанша уақыт бойы қолдануға болады?
Емнің ұзақтығы 7 күн. Ауру симптомдары басылғаннан кейін емді 2-3 күн бойы жалғастыру ұсынылады.
Гелисал препаратының әсер ету механизмі қандай?
ГЕЛИСАЛ препараты – белсенді заты – айұрық жапырақтары экстрактісі бар өсімдік тектес дәрілік зат. Қақырық түсіретін, муколитикалық әсері және бронхтың тегіс бұлшықеттеріне әлсіз спазмолитикалық әсер көрсетеді. Өнімсіз (құрғақ) жөтел кезінде тұтқыр қақырықты сұйылтуға ықпал етеді, оның шығуын жеңілдетеді. Өнімді (ылғалды) жөтелмен қақырықты түсіруді және шығаруды жеңілдетеді. Тыныс алу жолдарының қақырықтан босатылуына байланысты тыныс алуды жақсартуға, жөтелдің азаюына және жойылуына ықпал етеді.